28 желтоқсанда Бибісара Асаубаева рапидте күміс медаль жеңіп алды.
17 жасар спортшы қазақстандық шахмат тарихында алғаш рет еліміз үшін әлем біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды. Сонымен қатар, Бибісара ересектер арасындағы әлем біріншілігінде ең жас әлем чемпионы атанды.
Жас шахматшыны марапаттау рәсімінен түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Әлем чемпионатында алтын мен күмістен басқа, қазақстандық жас спортшы 40 мың АҚШ долларын иеленді.
Әлем чемпионаты 25-30 желтоқсан аралығында Польшада өтті.