Қазақстан • 02 Қаңтар, 2022

Бүгін ауа райы қандай болады?

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін


Синоптиктер 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Суық антициклон бұрынғысынша елдің шығыс және солтүстік өңірлерінің ауа райын анықтайтын болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23, екпіні 29 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында боран, Маңғыстау облысының солтүстігінде-көктайғақ, Қызылорда облысының орталығында, түнде және таңертең оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы, тау бөктерінде тұман күтіледі.