ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құқықтық регламенттеу деңгейлері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық актілерді әзірлеу мен қабылдауға қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 10-тармағында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген) «Құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде егжей-тегжейлі құқықтық регламенттеу мен басқарушылық шешімдер қабылдаудың икемділігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету бөлігінде заңнаманы өзгертуге бағытталған ережелерді іске асыру» іс-шарасы көзделген. Осыған байланысты осы міндеттерді іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасына енгізілген», деп жазды Асқар Мамин өз жауабында.
Оның айтуынша, тұжырымдамада құқықтық регламенттеу деңгейлері мен басқарушылық шешімдер қабылдаудың икемділігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету мақсатында қайта қарау қажет нормаларды анықтау тұрғысынан заңдарға тексеру жүргізу, жекелеген мемлекеттік органдарға осындай актілердің заңдылығын бақылау мақсаттарын, қағидаттары мен тетіктерін бір мезгілде белгілей отырып, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін дискрециялық өкілеттіктер беру, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың оңайлатылған тәртібін көздеу қажет» деп көзделген.
«Қазіргі уақытта Әділет министрлігі Президент Әкімшілігімен бірлесіп тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының жобасын пысықтауда, онда заңдардағы артық нақтыланған нормаларды анықтау бойынша талдау жүргізу және оларды қайта қараудың орындылығын қарау, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мәселесін пысықтау көзделген. Осылайша, тиісті заңнамалық актілерді әзірлеу және қабылдау көтеріліп отырған мәселе бойынша талдау жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады», деп атап өтті Премьер-Министр.
«Заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бөлігінде Үкімет заңнаманың тұрақтылық дәрежесін талдауды дайындау мәселелерін регламенттейтін құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізгенін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 544 Қаулысы) хабарлаймын, бұл мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді», деп түйіндеді А.Мамин.
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Спорт • Бүгін, 08:50
Швейцариядан да ұпай ала алмады
Хоккей • Бүгін, 08:49
Қаратау бөктеріндегі «Қымызмұрындық»
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Студенттер кеңес беру жобасына қатысады
Білім • Бүгін, 08:42
Ұқсас жаңалықтар