Жекпе-жек • 03 Қаңтар, 2022

Мен мұндайды мүлде көрген емеспін - Сарапшы

1029 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық MMA On Point басылымының тұрақты авторларының бірі, спорт сарапшысы Джейсон Хартли қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың кәсіби мансабындағы қызықты дерекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мен мұндайды мүлде көрген емеспін - Сарапшы

«Шавкат Рахмоновтың рекордына зер салып отырып, қызық дерекке тап болдым. Ол кәсіби мансабы барысында әуесқой және кәсіпқой жекпе-жектер өткізген. Жекпе-жек шеберлері қаншалықты деңгейде мұндай қадамға баратынын білмеймін. Бірақ мен мұндайды мүлде көрмегенмін. Мүмкін бұл қалыпты үрдіс шығар. Мен назар аудармаған сияқтымын. Алайда Шавкат екі кемені бір мезгілде ұстап жүріп, суға кетпегені қуантты. Жалпы ол өте мықты спортшы», деп түйіндеді ол өз ойын.