Спорт • 04 Қаңтар, 2022

«Тур де Ски» көпкүндігінде қазақстандық шаңғышылар сынға түсті

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Лейценхард қаласында өткен «Тур де Ски» көпкүндігінің алғашқы кезеңінде қазақстандық шаңғышылар сынға түсті деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тур де Ски» көпкүндігінде қазақстандық шаңғышылар сынға түсті

Бұл туралы Olympic.kz сайты жазады.

Әйелдер арасында 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан Ксения Шалыгина мен Ангелина Шурыга бақ сынаған болатын. Олар тиісінше 72-ші және 79-шы орыннан көрінді.

Бұл бәсекеде финляндиялық Керту Нисканен жеңіске жетсе, екінші орынды швециялық Эбба Андерсон, үшінші орынды ресейлік Наталья Непряева иеленді.