Медицина • 04 Қаңтар, 2022

МӘМС: 1 қаңтардан талаптар өзгерді

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талаптары өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.



МӘМС: 1 қаңтардан талаптар өзгерді

Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады. Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді.

БЖТ: қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге;

ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.

Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.