Кітап туралы ғұламалардан қалған ұшқыр сөз аз емес. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Әрбір адамның ең жақсы досы кітап болуы тиіс» десе, ғұлама қаламгер Әбіш Кекілбаев: «Кітап – кітапхана – мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты», дейді.
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана осы бір қанатты тіркестерді тұмардай тағынып, еліміз көлемінде «Бір ел – бір кітап» акциясын осымен сегізінші рет ұйымдастырып отыр. Биылғы шешім бойынша жалпыхалықтық оқуға көрнекті қазақ жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» мен «Басында Үшқараның...» атты повестері ұсынылыпты.
Әдебиетке өткен ғасырдың алпысыншы жылдары араласқан қарымды қаламгер Сайын Мұратбеков «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Отау үй», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін», «Қалың қар», «Өліара» шығармаларымен қалың көпшілікке танылып, проза саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Шетел жазушыларының шығармаларын аударуға да өз үлесін қосқан. Қарапайым адамдардың болмысын әдемі суреттеген туындылары – орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзербайжан, литван, араб тілдерінде тәржімаланды. Оның шығармашылығы туралы білімдар сыншы Сағат Әшімбаев: «Басында Үшқараның...» – Сайын шығармашылығындағы адам жанының диалектикасын ішкі сезім драматизмі арқылы ашудағы ерекше дүниесі. Бұл әңгіме арада ұзақ жылдардан соң кешегі өзі өскен, балалық шағы өткен туған ауылына сағынышпен оралғандардың басындағы қайталанбас көңіл-күйі туралы элегия дер едік», деп толыққанды бағасын берген болатын.
Қазақ әдебиетін насихаттау, оқырмандарды кітап оқуға тартуды мақсат еткен Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Бір ел – бір кітап» атты баспасөз конференциясында акцияның ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ғарифолла Есім, белгілі жазушылар Әкім Тарази, Адам Мекебаев пен Әлібек Асқар биылғы қалың оқырманға қос туындысы ұсынылып отырған көрнекті жазушы Сайын Мұратбеков жөнінде естеліктер айтып, жазушының шығармашылығы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».
• 13 Наурыз, 2014
Мұратбеков мұраты оқырманымен табысу арқылы орындалмақ

Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 19:20
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05