А.Мұхамедиұлын Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметіне тағайындау туралы
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 11 наурыз №766
Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ
1963 жылы туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Консерваторияны бітіргеннен кейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінде мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1991-1994 жылдары республиканың Мәдениет министрлігінде маман, министрдің көмекшісі болып еңбек етті. «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің директоры, Республикалық ұланның Президенттік оркестрінің бастығы, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры, «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқарды. Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2008 жылғы сәуірден – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды;
Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметінен босатылды.