Қазақстан • 06 Қаңтар, 2022

СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысымен телефон арқылы сөйлесті

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР СІМ басшысы және АҚШ Мемлекеттік хатшысы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысымен телефон арқылы сөйлесті

Америка тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

Министр Э.Блинкенді елдегі жағдай туралы, сондай-ақ ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.