Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Төтенше жағдай кезінде шот-фактура қалай рәсімделеді?

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты және интернет желісі қол жетімсіз болғандықтан, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақаудың орын алғаны туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай кезінде шот-фактура қалай рәсімделеді?

Қажеттілік туындаған жағдайда салық төлеушілер шот-фактураны қағаз түрінде рәсімдей алады.
2022 жылдың 19 қаңтарынан кейін бұндай шот-фактураны ақпараттық жүйеге 15 күнтізбелік күн ішінде енгізсе жеткілікті.

Ол үшін ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайды.