Президент • 08 Қаңтар, 2022

Президент шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтті. Жиында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

Отырыста Алматы қаласы мен өзге де өңірлердегі террорлық шабуылдардың салдарынан бүлінген әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік күштері бөлімшелерінің елордада қорғау функциясын атқаруы қазақстандық құқық қорғау органдары күштерінің бір бөлігін босатып, лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға қатысу үшін Алматыға жіберуге мүмкіндік берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрғындардың мүддесі үшін жағдайды тұрақтандыруға тартылған ведомстволардың жүйелі әрі жедел жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.