Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Сыртқы істер министрі ҚХР елшісін қабылдады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚХР Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрі ҚХР елшісін қабылдады

7 қаңтар – Қытай тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚХР елшісі Чжан Сяоны қабылдады.

Елші ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Мемлекет басшысының атына қолдау және еліміздегі жағдайдың тез арада тұрақтануына сенім білдіру сөздерімен жолдаған жолдауын жеткізді.

Дипломаттың айтуынша, Қытай тарапы Қазақстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін кез келген күшке қарсы, ал Қытай еліміздің адал досы және сенімді серіктесі болып табылады.

Министр елдегі жағдай және ҰҚШҰ күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы хабарлады.