Аймақтар • 09 Қаңтар, 2022

Ақтөбеде 11 белсенді ұсталды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктердің 11 ұйымдастырушысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде 11 белсенді ұсталды

Олардың екеуі қамауға алынған. Бұл туралы Ақтөбе облысының коменданты Қанат Әлиев мәлімдеді.

Қанат Әлиев хабарлағандай, қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы толық бақылауда. Өңірде коменданттық сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін жұмыс істейді.

Өткен түнде полиция тыйым салынған уақытта көшеде болған 360 адамды бөлімшеге жеткізді. Оның ішінде 166 адам әкімшілік жауапкершілікке
тартылды.

«Сонымен қатар, тәртіпсіздіктердің 11 ұйымдастырушысы мен бастамашылары ұсталды. Қазіргі уақытта олардың екеуіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлігінде көзделген
«жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру» қылмысын жасағаны үшін «қамауға алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қалғандарына қатысты олардың заңсыз қызметіне құқықтық баға беріледі», деді Әлиев.