Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге зер салсақ: «9 қаңтар, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, сall-орталыққа 2320 қоңырау келіп түсті. Оның ішінде: тонау мәселелері бойынша – 1127, форс-мажор бойынша – 26, блок-бекеттер бойынша – 2, жеке тұлғалардың қоңыраулары бойынша – 1052 өтініш берілді. Еліміздің 10 өңірінде 1351 объектіде орналасқан 1181 бизнес нысаны зардап шеккен. Оның ішінде Алматыда – 1091 объектіде орналасқан 935 субъект бар», делінген.
Кәсіпкерлер палатасының ақпаратына көз жүгіртсек: сауда саласында – 1122; қоғамдық тамақтандыру саласында – 17; қаржы секторында – 31, логистика саласында – 8 нысан зардап шеккен.
«Келтірілген шығынның жалпы сомасы 92,3 млрд теңгеден асты. Алматыдағы шығын 90,7 млрд теңге көлемінде», делінген хабарламада.