Ауа райы • 10 Қаңтар, 2022

Алдағы күндері 30 градусқа дейін аяз болады

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері 10, 11, 12 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері 30 градусқа дейін аяз болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, антициклон еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарына әсер етіп, -20 -25, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз болады. 

«12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран, суық ауа температурасын әкеледі. Алайда 13 қаңтарда солтүстік-батыс антициклон тылға ауысып, салдарынан солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында 30 градусқа дейін аяз болады», делінген хабарламада.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде циклон әсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жылуы күтіледі.