Республика ардагерлері болып жатқан бұзақылықтың тоқтауы үшін халық арасында ақсақалдық, ағалық, түсінік жұмыстарын жүргізуде.
Шаңырағымыздың шайқалуына ұмтылған топқа кешірім жоқ.
Елін, халқын, абыройын ойланбай отқа салған қандастарымыз өз қатесіне заң алдында жауап беруге тиіс.
Бұл жағдайда ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясын шақыру туралы шешімнің дұрыстығына көз жеткіздік.
Ғасырлар армандаған тәуелсіздігімізге көлеңке түспегей!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының басшылығымен қабылданып жатқан шараларды қолдап, төңірегіне топтасайық, ағайын!
Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ,
Республикалық «Ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің төрағасы