«Қазақстандағы оқиғалар сыни сипатқа ие болды. Алматы мен тоғыз облыс орталығы лаңкестердің қолында болды. Біз терроризмге қарсы операция режимін жарияладық. Қазақстан ҰҚШҰ-ға көмек үшін жүгінді. Елордаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін білген содырлар президенттік резиденцияны басып алу жоспарынан бас тартты. Бұл бізге Алматыға қосымша күш жіберуге және қаланы террористерден арылтуға мүмкіндік берді», деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасында ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштері 2030 адам мен 250 бірлік техниканы орналастырып, қойылған міндеттерді орындауға кірісті.
«Олар әуежайларды, әскери қоймаларды және басқа да стратегиялық нысандарды жабу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады. Сәл кейінірек ҰҚШҰ Бас хатшысының іске асырылып жатқан міндеттер туралы баяндамасын тыңдаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.