Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Көшелер қалпына келтіріліп жатыр

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қаңтардан бері қоғамдық көліксіз қалған қала көшелеріне дүйсенбіден бастап жан біте бастады. Шаһар тұрғындары да көшеге шығып, жұмыстарына бара жатқандардың қатары артты.

Көшелер қалпына келтіріліп жатыр

Алматыда жүргізілген тек­серу жұмыстарының қорытын­дысы қаланың жол-көлік инфра­құрылымы қаншалықты зар­дап шеккенін көрсетті. Бей­біт ереуілшілер тоғысқан «Ал­маты Арена» аумағында және Назарбаев пен Достық даң­ғыл­дары, Сәтбаев көшесінің бойын­да, Республика алаңында тас тө­сеніштері бұзылған 2 мыңнан астам орын анықталды.

Дүйсенбіден бастап көше­лерді жөндеуге 80 жұмысшы, 30 арнайы техника шығарылды. Сондай-ақ 120-дан астам жол белгілері за­қымдалғаны анық­талды. Бүгінде олардың 80-і қал­­пына келтірілді. Сонымен қа­­тар қалада бағдаршам нысан­да­рын қалпына келтіру жұмыс­тары басталды. Бұған дейін ха­бар­ланғандай, қалада 40-тан астам бағдаршам зақымдалған. Олардың 15-і 9 қаңтарда қал­пына келтірілсе, 10 қаңтарда 7 бағдаршам нысанына күрделі жөн­деу жүргізу жоспарланды. Қаланың көше-жол желісін қал­пына келтіру және тексеру жұ­мыстары жалғасып жатыр.

 

АЛМАТЫ