Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Қызылордада сарбаздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық полицейлер жаппай тәртіпсіздік кезінде бақилық болған сарбаздың өліміне қатысы болуы мүмкін күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада сарбаздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

5 қаңтар күні Қызылорда қаласындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан полиция қызметкерлері жарақат алып, бір әскери қызметші ауыр дене жарақатымен оқиға орнында қайтыс болған еді.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15-тармағы (жаппай тәртіпсіздік кезінде адамның қаза табуы) және 380-1-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (әскери қызметшінің өміріне, басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен қол сұғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Арнайы іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері сарбазды өлтірді деген күдікпен Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінде.

Бүгінгі таңда аталған іс бойынша тергеу жалғасуда. «Тергеу құпиясына байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.