Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Алматыда барлық қоғамдық көліктер іске қосылады

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қала маңы маршруттары да жолға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда барлық қоғамдық көліктер іске қосылады

Төтенше жағдайға байланысты жұмыс кестесі қалалық маршруттар үшін таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, ал қала маңы маршруттары таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жұмыс демалыс күндердің кестесімен жүргізілетіндіктен, жүріс интервалы 30-40 минут. Бүгін қала көшелеріне 41 бағыт бойынша 500-ден астам автобус шықты.

Мына автобус бағдарлары жолаушы тасымалдап жатыр: 34, 118, 38, 38а, 205, 206, 16, 11, 128, 141, 65, 56, 63, 63а, 77, 79, 92, 2, 12, 55, 32, 5, 5а, 86, 59, 44, 119, 4, 95, 8, 98, 18, 19, 99, 7, 57, 112, 126, 60, 22, 62. Бүгін қоғамдық көлік 20-30 минутта бір жүреді.