Президент • 11 Қаңтар, 2022

Президент өңірлердің дамуы әкімдердің беделіне байланысты екенін айтты

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өңірлері бір деңгейде дамымай жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент өңірлердің дамуы әкімдердің беделіне байланысты екенін айтты

«Диспропорция әлеуметтік ыңғайсыздықтың, көші-қон көңіл-күйінің өсуінің алғышарттарын жасайды. Соңғы оқиғалар батыс және оңтүстік аймақтарда жұмыспен қамтудың өткір проблемасын көрсетті. Онда бала туу деңгейі жоғары. Экономика жұмыс орындарын құрумен қатар жүрмейді. Сондықтан жүйелі индустрияландыру, шағын және орта бизнеске жәрдемдесу, осы салаларда көрсетілетін қызметтер секторын дамыту өңірлік емес, ұлттық басымдық болып табылады», деді Президент Мәжіліс отырысында.

Мемлекет басшысы Үкіметке осы өңірлер үшін «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» және басқа да бағдарламалар шеңберінде жекелеген бағыттар әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ Президент өңірлердің өркендеуі облыс әкімдерінің беделіне байланысты екенін де атап өтті.