Жандос Жанғабаев ҰҚК шекара академиясының аға офицері болды. Офицердің мәйіті туған ауылына арнайы бортпен жеткізілді. Онымен қоштасуға ауылдастары, достары, туыстары және Мақаншы шекара жасағының қызметкерлері келді.
ҰҚК шекара академиясының ғимараты Алматыдағы Достық даңғылының жоғары бөлігінде орналасқан. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Жандос қызмет бабымен жүрді. Ол өз ведомствосын қорғап, экстремистермен атыс кезінде қаза тапты.
Лаңкестердің қолынан ҰҚК шекара академиясы кафедрасының бастығы Андрей Қабдинов және шекара академиясының үш курсанты Әділхан Жайық, Бітім Мейірхан және Дәулет Жұпарбеков қаза тапқаны белгілі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жандос Жағалбаев пен Андрей Қабдинов қайтыс болғаннан кейін II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Қаза тапқан курсанттар қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.