Коронавирус • 12 Қаңтар, 2022

Алматыда індет қайта өршіді

235 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні Алматы билігі қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру ісі бойынша аппараттық кеңес өткізген кезде, мегаполисте коронавирус дертінің екі есе өскені туралы және «Омикрон» штамының жылдам таралуы әбден мүмкін екендігін мәлімдеді. Сондықтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ауруханалардағы төсек-орындардың санын көбейтуде қамсыз отырмауға тапсырма берілді.

Алматыда індет қайта өршіді

Тарихи трагедиядан есін жия алмай отырған қала тұрғындары өздерін сақтап, коронавирус індетін ауыздықтау үшін – вакциналау мен бустерлік екпе алуға барлық мүмкіндік бар ма? Нақты деректерге сәйкес Алматыдағы эпидемиялық жағдай нашарлай түскен. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров хабарлағандай, шаһар «сары аймаққа» ауысты. Халықтың апта ішінде індетке қайта душар болуы 2 есеге артты. Болжам бойын­ша, мегаполисте індеттің тағы бір толқыны басталып, жалғасып жатыр десек те болады. Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары жа­ңа­жылдық мерекелер мен нақ­ты оқиғаларға байланыс­ты тұрғындар коронавирусқа тестілеуден 8-10 есе аз өткенін атап өтті. Оның пайымдауынша, тестілеу көлемі ұлғайған кезде індет жұқтырғандар саны да артып, бұл эпидемиялық ахуалдың нашарлауы мен қаланың «қызыл аймаққа» көшуіне әкеледі.

Е.Бабақұмаров Алматыда коронавирус дерті былтыр жел­тоқсан айының соңында өсе бастағанын еске салды. Сол кездің өзінде эпидемиологтар мұны «Омикрон» штамының тара­луының басталуымен байла­ныстырған болатын.

Аппараттық кеңес бары­сында атап өтілгендей, 6 қаң­тарда толық геномдық секвенир­леу нәтижелері алынып, Ден­саулық сақтау министрлігіне жібе­рілген 96 үлгінің 8 сынама­сынан «Омикрон» штаммы табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан жеткізілді.

Коронавирустың «дельта» штамы әлі де белсенді айналымда. Ол сынамалардың 71%-да, дельта-плюс – 16%-да, басқа штамдарда 4,7%-да анықталды.

Алматыда індеттің «омикрон» түрін 20-39 жас­қа дейінгілер арасында жұқтыр­ған­дардың үлес салмағы 16,4%-ға (27,7%-дан 44,1%-ға дейін), сондай-ақ 15-19 жастағылар арасында 1,1%-ға (4,2%-дан 5,3%-ға дейін) күрт өскенін көр­­сететін жас құра­мына жүр­гізілген талдау растайды. Қал­ған контингенттер бо­йын­ша, нақты айтқанда 60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында – 8,6%-ға, 40-тан 59 жасқа дейінгі адамдар арасында – 2,5%-ға, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 4,7%-ға және 1 жасқа дейінгі балалар арасында 0,3%-ға төмендегені анықталған.

Сонымен қатар симптомсыз формалардың өткен жылдың жел­тоқсан айында 6%-дан 16%-ға дейін өскені байқалды, бұл «Оми­кронға» да тән және науқас­тарды уақтылы анықтау мен оқшаулауды қиындатуы мүмкін.

Е.Бабақұмаровтың айтуынша, «Омикрон» штамы өте тез жұғады, сондай-ақ жас ұрпақ үшін қауіп-қатер төндіреді. Ол вакциналау коронавирустан қорғаудың ең сенімді әдісі болып қала беретінін еске салды. Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды «Оми­кронның» таралуын төмендетуді және вакци­налауға көмектесуге ша­қыр­ды және қалада халықты коронавирусқа қарсы иммундау жалғасып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 1 077 896 адам, екі компонентпен – 1 028 180 қала тұрғыны егілді. Ревакциналау 69 018 адамға жүргізілді.

Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакциналау «Оми­крон» штамымен жұқ­тыру кезінде асқынған және өлім жағдайларын емдеуге жатқызудан 70%-ға қор­ғай­ды. Алматыда ұжымдық им­му­нитеттің деңгейі әлі де тө­мен, иммундық қабат бар бол­ғаны 59,4%-ды құрайды (вак­ци­наланғандар – 49,4%, ауырып жазылған адамдар – 10%).

 

АЛМАТЫ