Өнер • 12 Қаңтар, 2022

Қылқалам ұшындағы қырат

784 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкала дала дөңгеленіп, көкжиектегі бұйрат-бұй­рат төбелер қалқып тұрғандай көрінеді. Қай­да барсаңыз да сол қазақтың тағдыры жас­танған томаға то­пырақ. Топырақ күбір­лейді, мұң шағады. Әри­не, еститін құлақ, көре­тін көз болса...

Қылқалам ұшындағы қырат

Құйқалы мекеннің күз­дегі көрінісі көңіл тер­бейді. Желдің дауысы жаңғырып тұрғандай. Дала мимырт әрі шулы. Қур­аған қу та­қыр тірліктің бір сәттік сыз­­­ба­сы. Бақсаңыз, бел­гілі су­рет­ші Камиль Мул­ла­шев­­тің «Қыр­күйектегі құла дала» картинасы бізге туған же­рі­міз­дің тамашасын тарту етіп тұрғандай.

Біз осыған дейін жаз­ған­быз, жалпы Камиль Мул­ла­шевтің картиналары мәнді метафораларға, сим­волдардың жүйесіне, автор­­дың қиялы мен ішкі дауысына сүйенеді. Олар өзінің біртумалығымен, бей­нелілі­гімен және айбын­ды­лығымен таңғалды­рады.

Қылқалам шеберінің шы­­­­­ғар­машылығы – Қазақ­стан­­ның рухани-мәдени өмі­рі­нің бір бөлігі. Ел мен жер­­дің тарихынан, өмірінен, шежіресінен сыр тартады. Сол ескі де есті заманды көркем бейнелеудің шебері. Оның туын­ды­ла­ры­ның дені пейзаж жанрына жатады.

«Қыркүйектегі құла да­ла» кар­тинасында суретші дала тақырыбын қозғайды. Туынды кеңестік кезеңде реа­­листік мәнермен жазыл­ған. Бір ғажабы – тұмса та­би­ға­тымыздың алуан түр­лілігін көрсетеді. Біздің ал­ды­­мыздан құла дала, көк­жиек­­ке ұмсынған аласа тау­лар шы­ғады. Құдды қол со­зым жерде тұрғандай күйге бөлейді.

Картина оқырманды сұлу да нәзік бояуларымен, түс­тердің көркем ауысуымен және реңктік қатынастардың үй­­лесімді сындарлығымен өзіне тартады.

Туынды жұмсақ жоса, жасыл-қоңыр түстермен жа­зылған. Бояулар солғын және қоңырқай. Суретші кеңістікте көсіліп жатқан еркіндік пен мөлдірлікті ерекше жеткізе білген. Дала пейзажы құстай азат өмірдің ләззатын сезін­діреді.