Қазақстан • 12 Қаңтар, 2022

Тәртіпсіздік кезінде қанша нысанның зардап шеккені анықталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген нысандарды қалпына келтіру бағытында атқарылатын жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіпсіздік кезінде қанша нысанның зардап шеккені анықталды

«Әкімдіктер тарапынан келтірілген жедел деректерге зер салсақ, 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан және 151 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны зардап шеккен. Әкімдіктер бүлінген нысандардың нақты санын күн сайын жаңартып отырады», деген министр мемлекеттік комиссия бұл мәселе бойынша бірыңғай іс-қимыл алгоритмін әзірлегенін және объектілерді қалпына келтіру бойынша нақты белгіленгенін тіліне тиек етті.

«Өңірлерде келтірілген шығынды бағалау жөніндегі тиісті комиссия құрылды. Бүгінгі таңда ақау туралы актілер жасалып, техникалық тексеру жүргізілуде. Кейін жедел тәртіпте күрделі жөндеу және қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Қалпына келтіру жұмыстарын бюджеттен қаржыландыру үшін министрлік әкімдіктер жеткізген тізбе бойынша қажетті құжаттаманы жинайды», деді Қайырбек Өскенбаев.