Білім • 12 Қаңтар, 2022

Білім капиталы қашан да басты құндылық саналған

823 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент Мәжілісінде саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешуде ең маңызды вектор ретінде сапалы білім екендігін атап өтті.

Білім капиталы қашан да басты құндылық саналған

Адам баласы мен қоғамның қажеттіліктерін  білім мен ілім капиталынан іздеген Гэрри Беккердің ұстынымына қайта оралсақ. Адам капиталының дамуы жылдам әлеуметтік технологиялық терең трансформациядан туындайды. Басымдық бұл орайда, әрине, білімде. Орта білімнің ордасы – мектепте, мектептің жүрегі – мұғалімде деп сараптаған Мемлекет басшысы мұғалім тапшылығы мен оларды қолдау механизмдерінде. Мұғалімдерге арналған бағдарламаны қабылдау білім капиталының алғашқы баспалдағы болары сөзсіз.

Орта білім берудің дамыған жүйелерін електен өткізіп, озықтарынан үйрену ешқашан кеш емес. Мәселен, білім алушының тұлғалық, дербестік дамуына басты білім траекториясы ретінде үйлестіру, баланың қабілеті мен дарынына сай даярлаудағы меритократия жүйесі, педагогтің біліктілігін арттырудағы интенсивті  әдістер мен тәрбиелеу ісінің модернизациясы білім беру сапасын арттырудың қажетті бағыттары деп санаймын.  

Жас адамның қаншалықты ізденіп, жоғары білім алуы, белгілі кәсіппен айналысуы, лайықты жалақы алуы, жайлы өмір сүру деңгейі қаншалықты артса, соншалықты қоғамның өркениетті дамуына ықпалы боларын дәлелдеген еңбегі Г. БеккергеНобель сыйлығын алып берді.

Президент жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі қатарында басты мәселелерді атады.  

Жоғары білім орындарын, колледжерді бітірген, сондай-ақ жоғары білім алмаған  жастар да тұрақты жұмысқа орныға алмауы қоғамдағы басты әлеуметтік кесел. Мемлекет басшысы «Жастардың практикасы», «Алғашқы жұмыс орны»  жобаларын ұсынып, оның аясында жұмыспен қамту, еңбек ақысының арттыру мүмкіндіктерін қарастыруды табыстады. Бұл жас адамның білім алуымен қатар, лайықты жұмыспен қамтылуын, бастысы еңбекке тартылған әлеуетті жас адамдардың қатарын арттырады. Білім гранттарын екі есе артуы білім капиталына үлкен бетбұрыс.

Сапалы білімге қолжетімдік  ең басты приоритет  әрі қоғамның саналы дамуының басты факторы. Әсіресе,  жас азаматтардың саяси мәдениеті мен қоғамдық санасын арттыруда сапалы білім, тәрибелі білім құндылық.

Тұрғыны көп өңірлердегі жастарға арналған  мақсатты  гранттардың берілуі білімге тең қолжетімдікті арттырады.

Америка академигі Бенджамин Франклин  ғылым мен білім үйлескенде ғана да білім саласы қуатты әлеуетті күшке айналады деп санады. Мемлекет басшысы Ресейдің техникалық жоғары білім беру орындарының филиалдарын ашу приоретін күн тәрбітіне шығарды.

Университеттер жаңа технологияның базасы ретінде ел бюжетіне құятын қаржылық ағынның басты көзі. Жаңа экономиканың генераторы ретінде жоғару оқу орындарының  бәсекеге қабілетті болуы шарт. Бұл орайда, шетелдік беделді 5 универсиеттіңжәне инженерлік ғылымдар бойынша білім берудің ғылымаралық, пәнаралық негізін құру және нарыққа қажетті кадрлар даярлау. Елдің батысында техниркалық білім беретін жоғары оқу орындарының филалын ашу экономикалық-энергиялық өндіріс саласындағы мамандарды қамтудың негізі.  Инженериялық, жобалау, өнеркәсіптік білім  мамандардың жаңа  буынын даярлайтыны анық.

 

Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры