Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Қостанай облысындағы блок бекеттердің бірінде жол апаты болды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Блокпосттағы ЖКО себебі - ауыр жүк көлігінің тежегіштерінің ақауы, деп хабарлайды Egemen.kz Қостанай облысының комендатурасына сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы блок бекеттердің бірінде жол апаты болды

Қостанай облысының комендатурасында ЖКО фактісі бойынша Меңдіқара ауданында әкімшілік өндіріс басталғаны хабарланды.

«2022 жылғы 11 қаңтарда сағат 19.10 шамасында Қостанай-Мамлютка автожолының 60 шақырымында «VOLVO-12» маркалы ауыр жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі блокпостқа жақындап, тежеу жүйесінің техникалық ақауы салдарынан жолдың жиегінде тұрған «JAC S-3» маркалы қызметтік автокөлікпен, сондай-ақ блокпостта тұрған «Лада-гранта» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ», делінген комендатура хабарламасында.

Аталған факт бойынша ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қостанай облысының комендатурасында ЖКО тежеу жүйесінің ақаулығының себебімен байланысты екенін атап өтті.