Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Жамбыл облысында тағы 26 адам ұсталды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында кеше түнде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталып, олардан 13 қару-жарақ табылды. Ол бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында тағы 26 адам ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ҰҚК облыстық департаментінің қызметкерлері ұсталғандардан 7 Калашников автоматы, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ, 100 оқ-дәрі тәркіледі.

Жалпы, облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2000 мыңға жуық. Бүгінде оның 400-ге жуығы полицияға жеткізілді. Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған.

Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 97 бірлік қару-жарақ тәркіленді.

Олардың 142-іне әкімшілік іс қозғалған (110 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 9-ына айыппұл салынып, 23-іне ескерту берілген).