Қазақстан • 12 Қаңтар, 2022

АҚШ Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан АҚШ консулдығының кейбір қызметкерлері, азаматтары мен басқа да шетелдіктер уақытша эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді

«АҚШ Қазақстан Үкіметіне 12 қаңтарда АҚШ консулдығының кейбір қызметкерлерін, АҚШ азаматтарын және басқа да шетел азаматтарын Алматыдан уақытша эвакуациялауды қолдағаны үшін алғыс білдіреді. Қазақстан әрқашан Америка Құрама Штаттарының сенімді досы болған. Біз қазақстандықтардың табандылығына және олардың осы дағдарыстан қалпына келу қабілетіне сенеміз», делінген АҚШ дипломатиялық миссиясының баспасөзге арналған ресми мәлімдемесінде.

Бұған дейін, 6 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді телефон арқылы сөйлесті, оның барысында АҚШ тарапы Қазақстанның конституциялық институттарына толық қолдау білдірді.

«Біздің барлық қызметкерлеріміз жағдай мүмкіндік берген кезде Алматыға оралады деп үміттенеміз», деп толықтырды баспасөз қызметі.