Президент • 12 Қаңтар, 2022

Президент Алматыдағы Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығында болды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына Орталықтың құқықтық тәртіпті және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы жан-жақты айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Алматыдағы Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығында болды

Президентке мегаполистегі террористік акті кезінде бұзақылардың мақсатты түрде 20 көшеге орнатылған 493 бейнекамераны, бейнебақылауды басқару және байланыс жүйесінің техникалық жабдықтарын істен шығарғаны  жөнінде айтылды.

Шұғыл әрекет ету орталығында қала аумағындағы шұғыл жағдайлар туралы түскен ақпараттар тәулік бойы үздіксіз жиналады. Келіп түскен барлық талдау жасалып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссия мен әкімдікке бақылау жүйелерін түгелдей қалпына келтіруді тапсырды. Осылайша, алдағы уақытта қаладағы тәртіпті 10 мыңға жуық бейне камера бақылайтын болады.