Тағайындау • 13 Қаңтар, 2022

Абзал Әбдікәрімов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абзал Әбдікәрімов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Абзал Әбдікәрімов 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Kings College London, University of London, IE Business School бітірген.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған.

2014-2015 жылдары — «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы, директоры. 2015-2016 жылдары — «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департаментінің жоба жетекшісі.

2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаментінің директоры.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.