Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022

СҚО-да он күнде бес егіз дүниеге келді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы он күнде бес егіз дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz

СҚО-да он күнде бес егіз дүниеге келді

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін облыстық перинаталдық орталықта егіз бала дүниеге келді. Мерзімінен бұрын туғанымен шақалақтардың да, анасының да жағдайы жақсы.

Жалпы биыл 4 қаңтардан бастап облыста осымен бесінші егіз дүниеге келіп отыр. Қалған жағдайларда жүкті келіншектер айы-күні жетіп, өмірге дені сау нәрестелерін әкелді.

«Бала туу көрсеткіші төмен өңірлердің бірі саналатын біздің облыс үшін бұл – қуанышты жағдай. Демографиямыз жақсарады. 2020 жылы өмірге 68 егіз, 1 үшем келген. Былтыр 58 егіз және бір үшем туды. Биыл бүгінге дейін 143 сәби дүние есігін ашса, соның оны егіз. Аналардың да, балаларының да жағдайлары жақсы, алды үйлеріне шығарылды», дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.