Спорт • 14 Қаңтар, 2022

Турнирдің сенсациясын тіркеді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Анна Дани­лина Аустралияның Сидней қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Турнирдің сенсациясын тіркеді

Жасыл құрлықтағы додада отандасымыз бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жарыстың үшінші ракеткаларын жеңіп, турнирдің сенсациясын тіркеді. Қазақ­стандық-бразилиялық жұп 1 сағат 5 минутқа созылған бәсекеде канадалық Габ­риэла Дабровски мен мексикалық Джу­лиана Олмосты 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Анна мен Беатрис жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Екатерина Александрова және Натела Дзаламидземен шеберлік байқасады.

Ерлер арасындағы осы жарыста Андрей Голубев пен хорватиялық Франко Скугор корт иелері, аустралиялықтар Мэтт Рид – Алексей Попыринге 3:6, 1:6 есебімен есе жіберді. Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге кеше жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Джон Пирс – словакиялық Филип Полашекпен сынға түсті.

Өкінішке қарай, жекелей бәсекеде тәуір өнер көрсетіп келе жатқан еліміздің бірін­ші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыба­кина жарақатына байланысты жарысты жал­ғастырудан бас тартты. Ол екінші айналымда франциялық Каролин Гарсиямен кездесуге тиіс болатын.