Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов әлеуметтік нан, газ және жанар-жағармайдың бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нан мен ЖЖМ жеткізу бойынша жағдай тұрақты. Қалада 30-дан астам нан өндіруші тұрақты жұмыс істейді. Олардың ішінде ең ірілері: «СемНан», «Тұмар» ЖШС және тағы басқалары.
«СемНан» күн сайын дүкендерге 110 теңгеден үш жарым мың бөлке әлеуметтік нан жеткізеді. Қала әкімдігінің сауда нүктелерімен жасаған меморандумына сәйкес, дүкендер нан үшін 5 теңгеден аспайтын үстемеақы қосады. Нәтижесінде, аталған өндірушіден алынған нанның құны-115 теңге.
Өзінің жеке наубайханалары бар «Апрель», «Адал» сияқты ірі супермаркеттерде нан бағасы одан да арзан. Онда нан 95-100 теңге аралығында сатылады.
«Ұн тарту комбинаттары мен цехтары тұрақты жұмыс істейді. Бұл қаламызға сырттан нан әкелмеуге мүмкіндік береді. Әкімдіктің арнайы жұмыс тобы ұн мен нан бағасының құрамдас бөлігін есептеді. 38% - бұл ЖЖМ шығындары, 18% - электр энергиясы. Оған қоса, салықтар мен жұмысшылардың жалақысы бар. Мемлекеттік қолдау шаралары қазіргі бағаларды ұстап қана қоймай, біршама төмендеуіне мүмкіндік береді», деп хабарлады Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.
Жанар-жағармайға келетін болсақ, онда мемлекеттік реттеу аясында бағалар тұрақтанды. Жанар-жағармай құю бекеттері желісінде Гелиос, Авантаж, тағы басқалары А-92 маркалы бензин литріне 177-180 теңге аралығында сатады. Автокөлік газы - 60 теңгеден. Дизель отынының бағасының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Егер біраз уақыт бұрын оның бағасы 300 теңгеден асып кетсе, қазір - 260 теңге.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде, осы қиын-қыстау кезеңде біздің азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары арқылы қорғауды тапсырды. Бұл шешім уақытылы әрі дұрыс. Енді жергілікті атқарушы биліктің міндеті - мемлекет басшысы мен үкіметтің барлық тапсырмаларын дәл әрі тиімді орындау», деп атап өтті Бақытжан Байахметов.
Қала әкімі өз сөзінде, қабылданған шаралардың нәтижесінде тұрмыстық газ бағасы да төмендегенін хабарлады. 25 литрлік тұрмыстық газ қазір 1700-2500 теңге аралығында сатылуда. Ал, 50 литрлік газ сыйымдылығының бағасы 5 мыңнан 3400 теңгеге дейін төмендеді.
Бақытжан Байахметов барлық жергілікті өндірушілерге семейліктерге қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс айтып, әкімдіктің тиісті бөлімдеріне шағын және орта бизнестің тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.
Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасы бойынша, жақын арада тұрақтандыру қорының азық-түлігі базар бағасынан төмен бағамен сатылатын дүкендер мен сауда нүктелерінің желісі кеңейтіледі.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Грузияның экс-президенті ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар