Аймақтар • 14 Қаңтар, 2022

Алматыда мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысына кірісті

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лар 14 қаңтардан бастап жұмысына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысына кірісті

14 қаңтардан бастап мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысқа кірісті. Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін). Сонымен қатар, ХҚКО бөлімдерінде құжат ретіндегі сектор іске қосылды, көші-қон ХҚКО-да жұмысын қайта бастады.

«Еске салайық, мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан астамын онлайн түрде алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болады. Бұл қызметтерді автокөлік ХҚКО-ларында кезек тудырмау үшін пайдалануға кеңес береміз. Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына кіру Ашық қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұтынушылар санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Әлеуметтік қашықты сақтап, бетперде тағуы керек. Мемлекеттік қызметтер бойынша қажет ақпаратты 1414 номері және Instagram және Facebook желілеріндегі @gov4c.kz ресми парақшаларынан алуға болады», деп мәлімдеді Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкері.