Экономика • 14 Қаңтар, 2022

Қазақстандық компаниялардың акциясы қайта өсті

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық компаниялардың акциясы қайта өсті

Жыл басында қазақстандық компаниялардың акциясы төмендеген еді.

Astana International Exchange (AIX) Қазақстанмен байланысты компаниялар акцияларының көрсеткіштерін өлшейтін AIX Qazaq Index индексінің (AIXQI) 19,45 тармаққа (+1,91%), 1016,15-тен (5 қаңтар 2022 ж.) 1035,6-ға (12 қаңтар 2022ж.) дейін көтерілгенін мәлімдеді. AIX қалыпты режимде жұмыс істейді.

AIXQI индексі, қор AIX, KASE (Қазақстан қор биржасы) және LSE (Лондон қор биржасы) биржаларында сатылатын тоғыз қазақстандық компания акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттардан тұрады.

Олардың ішінде Қазақстанда тіркелген компаниялар немесе операциялық кірісі ішінара, не толығымен Қазақстанда жасалған немесе операцияларының маңызды бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылатын кәсіпорындар жатады.