Оқиға • 14 Қаңтар, 2022

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында Құлсары-Бейнеу тасжолының 15 шақырымында Армения елінде тіркелген Honda Odessey және Ресей елінде тіркелген ВАЗ-2115 автокөліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.