Аймақтар • 14 Қаңтар, 2022

Боран: БҚО-да республикалық маңызы бар жол жабылды

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Боран: БҚО-да республикалық маңызы бар жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы БҚО филиалының мәліметі бойынша бүгін жергілікті сағат 14.30-дан бастап Орал-Саратов (4-104 км, Оралдан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті хабарлап, ескерту жарияланғанын жеткізді.

Кеше өңірде 14 қаңтар күні боран мен көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге, облыстың солтүстік бөлігінде 30 метрге жетуі ықтимал екендігі хабарланған болатын.