Ауа райы • 14 Қаңтар, 2022

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет мамандары 15-17 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Республиканың көп бөлігінде ауа райына Баренц теңізі аумағынан келетін циклон әсер етеді. Соның әсерінен жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады. 15-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 30 м/с дейін жететін екпінді жел болады. Термометр бағандары 17 қаңтарға жақын, түнгі уақытта батыста 5-13 аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 аязға дейін төмендейді.

Елдің оңтүстігінде -5...+5 градус болады деп болжанды.

Алматыда 15 қаңтарда күн бұлтты, түнде -1°C, күндіз +9°C болады. 16 қаңтарда жаңбыр жауады, түнде 0°C, күндіз +13°C көрсетеді. 17 қаңтарда күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Түнде +2°C, күндіз +8°C жылы болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 15 қаңтарда түнде -10°C, күндіз 0°C көрсетеді. Жаңбыр аралас қар жауады. 16 қаңтарда қар жауады, түнде -11°C, күндіз -1°C көрсетеді. 17 қаңтарда қар жауады, түнде -8°C, күндіз -3°C.

Шымкентте 15-17 қаңтар аралығында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5...+7°C аралығында болады. Күндіз 15-16 қаңтарда ауа температурасы 12°C көрсетсе, 17 қаңтарға қарай төмендеп, +7°C жетеді.