Аймақтар • 15 Қаңтар, 2022

Ақмола облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Боранға байланысты Ақмола облысы аумағындағы жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бұл ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, бүгін сағат 11:45-тен бастап келесідей автомобиль жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

1. «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 18-231 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан мен Щучинск қалалары аралығындағы учаскеде («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақылы жолдар дирекциясының учаскесі)

2. «Көкшетау-Атбасар» автожолының 0-184 шақырымында, Көкшетау мен Атбасар қалаларының аралығындағы учаскеде.

3. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 997-1247 шақырымында, яғни Атбасар және Нұр-Сұлтан қалаларының аралығындағы учаскеде.

«Апатты жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Қиын жағдайға тап болсаңыздар, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар», делінген ведомство мәліметінде.