Жақында Алматы қалалық әкімдігінің өртенген ғимаратында тазарту жұмыстары басталды. Ғимаратты тазалауға құрылыс компанияларының, мердігерлік және волонтерлік ұйымдардың өкілдері, Алматы тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диастың айтуынша, қалалық әкімдіктегі тазалау шараларын жүргізуге жергілікті еріктілер ғимараттағы тазарту шаралары аяқталғанға дейін көмек көрсететін болады.
«Елдің жекелеген аймақтарында төтенше жағдай режимі жарияланған соң, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, республикалық Вirgemiz еріктілер фронт-офисі және Ұлттық еріктілер желісі бірыңғай еріктілерді үйлестіру орталығын құрды. Мұнда біз еріктілерге қазақстандықтарға көмек көрсетуде ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеміз. Қазір әр өңірде волонтерлер штабы жұмыс істейді. Өңірлік штабтарда ТЖ режимінің алғашқы күндерінен бастап біз тәртіпсіздіктердің салдарын жоюға бағытталған жұмысқа көмектесуге дайын волонтерлер тізімін құра бастадық. Бүгін елдегі жағдай біршама тұрақтанғандықтан, Алматы қаласындағы штабтың волонтерлері өртенген қалалық әкімдіктің ғимаратын тазарту жұмысына қатысу үшін сенбілікке шықты. Біз бұл жұмысқа волонтерлік ұйымдарды барынша тартуға тырыстық. Сенбілікке каскадерлар клубы, Жансая Әбдімәлік щахмат клубы, Волонтерлер лигасы, Ұлттық еріктілер желісі, мүгедектер қоғамы, Лидер КЗ, Наркостоп, Қызыл крест, Top.kz, «Жас Отан» жастар қанаты, «HAQ» ҚБФ сияқты ұйымдардың 150-ден астам волонтерлері қатысты. Қала әкімдігінің аумағын тазарту жұмыстары бір күнде аяқталмайтыны анық. Біздің волонтерлер барлық сенбіліктерге шығатын болады», деді Лима Диас.
Сонымен қатар, алматылық еріктілер бүгінгі таңда көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттерін таратып, қан тапсыру акцияларына, тәртіпсіздік кезінде жоғалып кеткен адамдарды іздеуге қатысып жатыр. Сондай-ақ, психологиялық көмек көрсетуге арналған 1414 жедел желі жұмысына қосылған.
Еске салайық, жаппай тәртіпсіздіктер орын алған кезде Алматы әкімдігінің ғимараты толықтай жанып кеткен болатын. Кешен 1980 жылы салынған. 1991-1994 жылдары мұнда Президенттің резиденциясы, кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі орналасты. 1999 жылдан бастап ғимаратта қала әкімдігі орналасқан.
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар