Білім • 17 Қаңтар, 2022

Жыршылық мектеп қайта жаңғырды

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда ÖzgeEpic заманауи өнер кеңістігі Jauhar ұлттық музыка жобасын көпшілікке таныстырды. Ұлт мәдениетінің мәйегі саналатын ұлттық музыканы заман талабына сай дамытып, дәстүрлі ән-күй мектептерінің арнасын кеңейтуді мақсат еткен жоба көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Жыршылық мектеп қайта жаңғырды

Жоба авторлары Jauhar­дың алғашқы кезеңінде Маң­ғыстау жыршылық мектебінің өкілдерін насихаттау көздел­генін айтады. Осы ретте жо­баға Амандық Көмекұлы, Ұзақ­­бай Сахиев, Жеткізген

Сейі­то­в,­ Ахмет Бай­е­кешов, Ар­­ғын Би­сен­ұлы, Аман­бек Сәуір­баев, Оңдасын Қалқан, Оспан Құлсымақов, Ризабек Серік, Бақдәулет Толыбекұлы се­кілді 10 жыршы қатысып, Абыл, Ақтан, Қашаған, Нұ­рым, Арал­бай сынды ақын-жы­рау­­лар­дың шығармаларын орын­дады.

«Ұлттық өнеріміздің қай­нар бұлағы – дәстүрлі ән-күй мек­тептерінде жатыр. Осы ру­­хани бай­лығымызды қа­зір­гі замандық медианың мүм­кін­діктеріне икем­деп, заманауи дыбыс және бей­нетүсірілім ұйымдастырдық, бұл жұмысқа отандық үздік маман­дар­ды тарттық. Бұл сапалы контент жас буынның ұлттық музы­каға деген оң көзқарасын қа­лыптастырады деп сенеміз», – дейді жоба продюсері Тоғжан Құрманжанқызы.

Jauhar жобасының ал­ғаш­­қы маусымы 10 эпизод­тан тұрады. Әр эпизод бір жыр­шы­ның шығармашылығын қам­­тиды, хронометражы 35-40 минут. Жыл аяғына дейін барлық музыкалық стримингтік платформаларда 10 музыкалық альбом жарияланып, тегін тың­дау мүмкіндігі қоса берілмек.

Тұсаукесер рәсімінде ÖzgeEpic заманауи өнер кеңіс­тігінің ұйымдастырушысы Мақ­­пал Жұмабай: «Ұлттық музы­камыздың тұрақты плат­фор­масын қалыптастыру ар­қылы біз өз деңгейімізде өне­ріміздің түрленуіне, дамуына жол ашпақпыз. Халықтың рухани мұрасы цифрлы әлемде мол қорын жасақтап, өз орнын иеленгенде ғана болашаққа батыл көш түзейді. Сондықтан да жыл­дарға созылатын бұл жоба жыршылық, күйшілік мектептердің жас тыңдарманын арттырып, соны серпін береріне сенімдіміз», деп атап өтті.

Еске салсақ, ÖzgeEpic өнер кеңістігі бұған дейін заманауи қазақ музыкасын дамытуға бағытталған Jańgyryq жобасын жарыққа шығарған болатын.

 

АЛМАТЫ