Әлем • 17 Қаңтар, 2022

Малидің бұрынғы президенті қайтыс болды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 18 тамызында биліктен ығыстырылған Малидің бұрынғы президенті Ибрагим Бубакар Кейта қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Малидің бұрынғы президенті қайтыс болды

Бұл туралы журналистерге Кейтаның отбасы мүшелері мәлімдеген. 

Экс-президент жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-де Бамакодағы резиденциясында қайтыс болған. 

76 жастағы саясаткердің неден қайтыс болғаны туралы ақпарат айтылған жоқ. 

Айта кетейік, Кейта 2013-2020 жылдар аралығында Мали президенті қызметін атқарған.