14 Наурыз, 2014

Кәсіпқой маман – армия негізі

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Іле полигонында (Алматы облысы) ҚР ҚК Аэро­ұт­қыр әскер­лерінің батальон командирлері мен штаб бастықтарының онкүндік жиыны болып өтті. 6 Жиын мақсаты – офицерлердің теориялық дайындығын жүргізу және негізгі оқу пәндері бойынша қатысушыларды басшылық құжат­тардың талаптарымен таныс­тыру. – Бұл сабақтар ҚР ҚК Аэро­ұтқыр әскерлері бөлімдері мен бөлімшелерінің ұдайы жауын­герлік әзірлігін қолдауға кө­мек­теседі. Осын­дай жиын­­дардың арқасында әскери қыз­метшілер өздерінің функ­ционал­дық міндеттерін білікті және сенімді орындау үшін кәсіби даяр­лықтарын жетілдіретінін ерекше атап өткен жөн, – дейді жиын бас­шысы полковник Владимир Мариич. Іс-шараның қорытындысы бойынша батальон командирлері мен штаб бастықтары жауынгерлік, тех­никалық және тылдық қам­та­ма­сыз ету бойынша сынақтар тап­сырып, олардың арасындағы жи­ынды табысты аяқтаған әс­кери қыз­метшілердің үздіктерін айқын­дады. «Егемен-ақпарат».