Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің онлайн отырысында: «Таяу уақытта, алдын ала тергеулер аяқталғаннан кейін әлемдік қоғамдастық сотына елімізге қарсы террорлық басқыншылықты дайындау және өткізуге қатысты қосымша дәлелдер ұсынатын боламыз», деп мәлімдегені белгілі.

Елдің тұтастығына қауіп төндірген алапат шабуылды әшкерелейтін дәлелдерді көп ұзатпай жариялаудың халықаралық қоғамдастық үшін де, еліміз үшін де маңызы айрықша зор. Жазықсыз жандардың, әсіресе жастардың қыршын өмірін қиып, қаншама отбасына орны толмас қайғы-қасірет әкелген оқиғалардың ақ-қарасы айқын ажыратылып, ақиқаты қоғамға бүкпесіз айтылуға тиіс. Онсыз бізге енді ілгері басу қиынға соғады.
Өйткені сол аласапырандағы ақпарат тасқынында «билік халыққа оқ атып жатыр», «билік бейбіт шерушілерді қырып жатыр» деген сыңайдағы бейнежазбалар мен үндеулер мессенджерлер арқылы өте көп тарады. Бұқара көпшілік соған сенді. Бұрыннан ішімізде қордаланып жүрген әлеуметтік наразылықтардың запыраны мұның арандатулар екенін байыптап жатуға мұрша берген жоқ. Сол себепті де халық көшеге көп шықты және басым көпшілік өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге ұмтылды.
Ендігі жерде халық бейбіт шерушілер мен арандатушы-терроршылардың, мародерлердің аражігін анықтауды, қылмыскерлердің кімдер екенін көрсетуді талап етіп отыр. Бас прокуратураның бірер күн бұрын оқиғалар хронологиясын, қаза тапқандар мен ұсталғандардың, сондай-ақ ауруханалардан кетіп қалған жаралы қылмыскерлер мен моргтерден ұрланған мәйіттердің санын жариялауы осы бағыттағы алғашқы қадам. Алайда бұл әлі жеткіліксіз. Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденовтің 16 қаңтарда айтқан дерегіне сүйенсек, қарулы қақтығыс пен шабуылдар кезінде Алматыда 149 адам қайтыс болған. Олардың басым бөлігі – қарақшылар мен лаңкестер дейді. Жұрт осы қарақшылар мен лаңкестердің ұсталғанын көргісі келетіндіктен, құқық қорғау органдары бейбіт жұртты кімдер қалай арандатқанын, қалай ұйымдастырғанын, қандықол қарақшылар кімдер екенін, қайдан және қашан келгенін егжей-тегжейлі баяндап, бұқараға жайып салу жағын тездеткені жөн. Себебі жұртшылық арасында полицейлер өкілеттігін асыра пайдалануда, азаматтарды ұрып-соғып, мәжбүрлеп мойындату арқылы құқықтарын аяқасты етуде деген арыз-шағымдар шыға бастады. Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты 32 шағым түсіп, тексеріліп жатқанын айтты. Өкінішке қарай, мұндай ақпараттар, жазбалар әлеуметтік желіде әлі де тарап жатыр және ондағы айтылғандар қисынды көрінетіндіктен, ашынған халықтың жарасына тұз сепкенмен бірдей әсер етуде. Бұл да алаңдатарлық жағдай.
Сондықтан наразылықтың тағы бір толқынын тудырып алмас үшін терроршылардың өлісін-өлідей, тірісін-тірідей әшкерелеп, күдіктілердің суреттерін, қылмыстарына айғақ болатын бейнежазбаларды түгел көп күттірмей жұрт назарына тарту керек. Бұл қыршын кеткен ұл-қыздарын, оққа ұшқан аға-бауырларын, арқа сүйер отағасын жер қойнына тапсырып, қасіреттен қан жұтып отырған отбасылар үшін, олардың қайғысына ортақ һәм ажал қайдан келгенін анықтай алмай, санасы сан-саққа жүгіріп отырған отандастарымыз үшін төтенше маңызды.
Интернет қосылғалы бері әлеуметтік желіге шығып жатқан «Террористер қайда?» деген мағынадағы жазбалар да осы ойымызды үстей түседі.
Содырлардың, сондай-ақ тонаушылардың аты-жөнін дәл осы күндері атап, түсін түстеумен қатар, кейінірек оларға қатысты болатын сот процестерінің де ашық өткені жөн. Бұлай ету аса өзекті болып тұрған үш мәселенің түйінін тарқатуға мүмкіндік береді. Біріншіден, қалың жұртшылықтың сауалдарына нақты жауап алып, әлі де болса көкейде тұрған күмәнін сейілтуіне септігін тигізеді. Жаудың қайдан шыққанын біліп, олардың ұсталғанына және жазасын тартқанына (жазасыз қалмайтынына) көзін жеткізіп, көңілін орнықтырады. Дәл бүгінгі күннің көңіл күйі тұрғысынан бұл да аса маңызды фактор.
Екіншіден, мемлекет те егемендіктің іргесін шайқалтып, тәуелсіздігімізге қатер төндірген сол қылмыскерлерге қатысты бар шындықты бүкпесіз жайып салу арқылы өзіне деген халықтың селкеу түсіріп алған сенімін нығайтады.
Үшіншіден, қандай ақпаратқа сенерін білмей абдырап қалған баршамызға болған оқиғаларды ой елегіне қайта бір салып, бойымыздағы жақсылы-жаманды қасиеттерімізді сүзгіден өткізуге түрткі болады деп үміттенеміз. Алматыдағы қирау мен тонаудың салдары орасан ауыр екенін және соның бәрін тек арандатушыларға жаба салу да мүмкін еместігін еріксіз мойындаймыз. Өзімізді «Біреудің ала жібін аттама», «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген өсиетті бала күннен көкейге түйіп өсетін текті халықтың ұрпағы санайтын едік, бірақ бейбіт басталған қарсылық шеруі жаппай қирату мен тонауға ұласып кеткені ойлантпай қоймайды. Әлбетте, топ жиналған жерде арандатушы-әзәзілдердің де жүретіні белгілі. Дегенмен таралып жатқан бейнежазбалардағы көріністерге қарап отырып, өзіндей қарапайым адамдардың күнкөріс кәсібін шімірікпей тонауға оп-оңай кірісіп кететіндердің көптігінен еріксіз тіксіндік. Осындайда, Беларусь еліндегі қарсылық шерулерінде, тіпті көрші қырғыз еліндегі соңғы жылдары болған оқиғаларда бірде-бір дүкен тоналмағаны еске түседі. «Біз қарсылық акцияларында дүкен тонауға жол берген жоқпыз» деп сәлем жолдаған Алатаудың арғы жағындағы ағайынның сөзі де шындықтан алыс емес.
Бұдан да күрделі заманда, нан таба алмай қалған 90-жылдарда да ел «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» қағидатына берік болып еді. Әйтпесе, қарсылық митингтері сол кезеңдерде де өтіп жатты ғой. Қиындықтың да көкесі сол уақыттары болғанына ешкім дау айта алмас. Бірақ наразылық акциялары тәртіпсіздікке, жаппай қирату мен тонаушылыққа ұласқаны есте жоқ. Рас, ол кездегі қоғамға, адамдардың санасына түскен психологиялық қысым қазіргіден басқаша еді, қазір бай мен кедейдің, бар мен жоқтың арасындағы айырмашылық жер мен көктей деп уәж келтіруге болар. Бірақ бұл бәрібір сол күндердегі ұрлықты, өзгенің мүлкін тонағандардың әрекеттерін қандай себеп болғанына қарамастан, ақтап ала алмайды. Егер де «Ол байғұстар жетіскеннен тонады дейсің бе?», «Жұмыс таппай қиналып кеткен ғой? Басқа амалы қалмаса, қайтеді енді?» деген сыңайда іштей болсын мүсіркейтін болсақ, онда өркениетті ел боламыз деп үміттенудің өзі бекер.
Түйіндей айтсақ, ағзаға жабысып алған дертті емдейтін дәрінің ащы болатыны сияқты, қоғамды емдейтін ақиқат та қанша жерден ауыр әрі ащы болса да, айтылуға тиіс.
Қазақстан бірнеше елмен сауда көлемін арттырды
Қоғам • Бүгін, 16:13
Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Ералы Тоғжанов кімдердің жалақысы артатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:52
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:27
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
Қоғам • Бүгін, 15:19
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Астық өңдеушілер Қазақстанда бидай экспортына тыйым салуды сұрады
Экономика • Бүгін, 10:53
Министрлердің халықпен кездесу кестесі бекітілді
Үкімет • Бүгін, 10:50
Бішкекте Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 10:47
Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шымкентте түлектер отырған кортеж жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:33
Ұқсас жаңалықтар