Биыл туғанына 100 жыл толып отырған КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, атақты әнші Роза Бағланова қазақтың атын әлемге танытқан адам. Ол соғыс жылдары майдан даласында ән салумен қатар, 1945 жылы Берлинде өткен жеңіс концертіне қатысқан тұлға. Бұл екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт.

Роза Тәжібайқызы жайлы анықтамалықта, әнші апамыз 1949 жылы жастардың дүниежүзілік фестивалі өткен Мажарстан астанасы Будапештте өнер көрсетумен қатар, Чехословакия, Германия, Аустрия, Польша елдерін аралап қазақ әнін әйгілеген. Одан кейінгі жылымық жылдары АҚШ, Франция, Дания, Канада, Испания, Жапония, Корея, Қытай, Иран сияқты ондаған мемлекеттің сахналарында, әлем халықтарының отыздан астам тілінде шырқағаны жайлы дерек бар.
Осы орайда, әнші апамыз 1963 жылдың шілде айында Моңғолия еліне, соның ішінде қазақтар шоғыр қоныстанған Бай-Өлке аймағына барып, Қобданың қоңыр тауларын паналаған, сыртқы дүниемен аса бір қатты қарым-қатынасы жоқ бұйығы қазақтардың ортасында өнер көрсеткен екен. Оған мына қолдарыңыздағы фото дәлел. Бұл бейне әуежайда түсіріліпті. Үш әйел тұр. Ортасында Роза апамыз. Фонда АН-24 ұшағы. Яғни аймақ сахнасында өнер көрсеткен атақты апаларын бай-өлкелік сіңлілері Ұланбатырға аттандырып салып тұр. Әнші апамыздың оң қол жағында тұрған аймақтық музыкалы драма театрының бишісі Кашипа Құсайынқызы болса, сол қолынан ұстап тұрған адам талантты әнші әрі драма әртісі Серкешхан Омарқажықызы екен.
Көнекөздердің айтуына қарағанда, әлемнің небір атшаптырым сахналарында ән салып үйренген апамыз аймақ орталығындағы 200 адамдық шағын клубты менсінбей, қатты қоңылтақсыған көрінеді. Оның да жөні бар. Өйткені атағы әлемге жайылған әнге едені шиқылдап, есігі қиқылдап тұрған ауыл сахнасы қораш болмай қайтсін енді. Оның сыртында, Кеңестік Қазақстанның Халық әртісі деген атағы бар. Сөйтіп, біраз назданып алған апамыз көп кешікпей, Қобданың қоңыр даласын әнге бөлеген екен. Өйткені бұдан да қиын күндері, яғни 1942 жылы Солтүстік-Батыс майдан шебінде танктің үстінде тұрып ән салған адам емес пе?! Сөйтіп, Бағланованың Бай-Өлкеде ізі қалған. Оған жоғарыда атап өткеніміздей мына бір фото куә.
Апамыздың оң жағында тұрған Кашипа апамыз 1940 жылы туған. Ұзақ жыл аймақтық музыкалы драма театрында биші-солист міндетін ойдағыдай атқарып, аумақтық дәргейде депутат болумен қатар, «Еңбек даңқы» медалінің иегері атанғаны бар. 1993 жылы зейнетке шығып, атамекенге ат басын бұрған. Қазір Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылында тұрады.
Ал сол жағында тұрған Серкешхан Омарғажықызы 1941 жылы туған әрі өлкеге танымал драма әртісі. 15 жасынан бастап, әртүрлі сахнада өнер көрсеткен. Өлкенің өнер шежіресі Тайф Таукейұлының 2018 жылы Ұланбатыр қаласында жарық көрген «Моңғолия қазақтарының театр тарландары» атты деректі еңбегінде: «Серкешхан 1956 жылы емтихан тапсырып әртістікке қабылданды. Ол М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Еңліктің, «Қозы Көрпеш-Баян сұлуда» Күнікейдің, Гогольдің «Ревизорында» дуанбасының қызы Марияның, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері − Ақтоқтысында» Дәмелінің рөлін нақышына келтіріп сомдай алды. Өте қабілетті адам. Жиырма шақты беттік мәтінді үш оқығанда жаттап алатын еді» деп жазыпты. Жарықтық апамыз 2011 жылы өмірден озып, жамбасы туған жеріне тиген екен.
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Астық өңдеушілер Қазақстанда бидай экспортына тыйым салуды сұрады
Экономика • Бүгін, 10:53
Министрлердің халықпен кездесу кестесі бекітілді
Үкімет • Бүгін, 10:50
Бішкекте Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 10:47
Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шымкентте түлектер отырған кортеж жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:33
Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасына қатысып жатыр
Білім • Бүгін, 10:27
Германия коронавирусқа байланысты шектеулерді жеңілдетті
Әлем • Бүгін, 10:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды
Президент • Бүгін, 10:12
Президент Рубен Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:01
Ұшақ жолаушысы Өзбекстанға 9 млн теңге алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 09:55
Елордада тағы бір ақылы тұрақ іске қосылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Ұқсас жаңалықтар