Бизнес • 18 Қаңтар, 2022

Кәсіпкерлікті дамытуға назар аударған жөн

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде орын алған қайғылы оқиға бизнеске де кері әсерін тигізді. Жыл басында орын алған тәртіпсіздіктер барысында бизнес зардап шекті. «Атамекен» ҰКП-ның есептеуі бойынша бүгінгі таңда бизнес­ке келтірілген залал шамамен 104 млрд теңгені құрады. Ең көп зардап шеккен Алматы қаласындағы бизнес субъектілері – 102,2 млрд теңге.

Кәсіпкерлікті дамытуға назар аударған жөн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді. Қазіргі уақытта біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

Менің ойымша, кәсіпкерлік саласындағы реттеу­шілік саясат туралы заңның әлеуетін іске асыруды батыл бастау керек. Мемлекеттік қол­дау шараларын ұсыну рәсімдерін түбегейлі қай­та қарау қажет. Бұл ашық және түсінікті механизм­дер болуы тиіс. Өңірлерде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударған жөн. Бұл – тұрақты жұмыс орындарын құру шарт­тарының бірі. Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша жеке ісін дамытуға арнал­ған грант мөлшері 200-ден 400 АЕК-ке дейін (612,6 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін) ұлғай­тылады, сондай-ақ қаржыландыруды қажет ете­тін бизнес-жобалардың атаулылығын және баға­ла­нуын күшейту бойынша шаралар кешені қабылданатын болады.

 

Рустам ЖҮРСІНОВ,

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл