Қазақстан • 18 Қаңтар, 2022

Үкімет басшысы мұнай өндіруді реформалауды тапсырды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне бір ай мерзімде мұнай өнімдерін өндіру және сату құрылымын реформалау бойынша заңнамалық түзетулер дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы мұнай өндіруді реформалауды тапсырды

«Жеткізу тізбегін қысқартып, мұнай өнімдеріне баға белгілеу тәжірибесін талдау қажет. Энергетика министрлігіне бір ай мерзімде мұнай өнімдерін өндіру және сату құрылымын реформалау бойынша заңнамалық түзетулер дайындауды тапсырамын», деді Әлихан Смайылов.

Министрлер кабинетінің басшысы бүгінгі таңда мемлекеттік органдар көмір құнының өсуіне жол бермеу үшін жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, көмір бағасын 2021 жылғы деңгейде сақтау бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдауы қажет», деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Бұдан басқа, Индустрия министрлігіне тамақ өнеркәсібінің жүктелмеген және тоқтап тұрған қуаттарына мониторинг және талдау жүргізу және оларды одан әрі тиеу жөніндегі шараларды іске асыру тапсырылды.

«Бүгін ұсынылған шараларды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 1 ақпанға дейін инфляцияны бақылау және төмендету бойынша кешенді шаралар енгізуді тапсырамын», деп түйіндеді Әлихан Смайылов.