Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қаңтарда Омбы-Майқапшағай автожолының 505 шақырымында, Аққулы ауданы Әйтей мен Шабар ауылдары арасында Volkswagen және Lada Niva автомобильдері соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі мен 1964 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Lada Niva автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», делінген ПД хабарламасында.
Полиция автокөліктер арнайы айып тұрағына алынып, тексеру жүргізіліп жатқандығын атап өтті.