Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хаттамаға 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда қол қойылды. «Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен қалыптастыру жоспарлануда», деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Аталған міндетті Жоғары экономикалық кеңестің шешімдерімен іске асыру үшін: - 2015 жылғы 8 мамырда ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру Тұжырымдамасы бекітілді.
Тұжырымдама ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығының мақсаттары мен міндеттерін, оның нысаналы моделін, басқару құрылымдарын, нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл тетіктерін, реттеудің нысандары мен әдістерін айқындайды, сондай-ақ нарықты қалыптастыру кезеңдерін қамтиды.
- 2016 жылғы 26 желтоқсанда ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама ұйымдастырушылық, заңнамалық және технологиялық іс-шаралар кешенін, оның ішінде жедел келісімшарттар бойынша және бір тәулікке алға ортақ нарықта сауданың электрондық жүйесін, ақпарат алмасу жүйесін әзірлеу жөніндегі іс-шараларды қамтиды, сондай-ақ ортақ электр энергетикалық нарықты реттейтін актілер жүйесін дайындауды көздейді.
- 2019 жылғы 29 мамырда Жоғары Кеңес 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама нысанында ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қойды;
- 2019 жылғы 20 желтоқсанда ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. «Жоспарда Хаттамада көзделген ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыруға бағытталған қағидаларды бекіту және күшіне енгізу мерзімдері белгіленген. Хаттамамен ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру, оның жұмыс істеу және даму негіздері бойынша нақтылаулар енгізілді. ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу қағидаларымен реттелетін салалар белгіленеді. Ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып,
Тараптар ЕАЭО-ның ортақ нарығын қалыптастыру кезінде қолданыстағы ұлттық электр энергетикалық нарықтарды, оның ішінде қуат нарықтарын сақтау жөнінде келісімге қол жеткізді», деді министр.
Хаттаманың II бөлімінің 4-тармағында ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру, оның жұмыс істеуі және дамуы қағидаттары көзделген:
1) тең құқылық, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтірмеу негізіндегі ынтымақтастық;
2) электр энергиясын өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау;
3) нарықтық қатынастарға және адал бәсекелестікке негізделген тетіктерді басым пайдалану;
4) электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
5) мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін ескере отырып, мүше мемлекеттер субъектілері арасында электр энергиясының саудасын жүзеге асыру.
«ЕАЭО-ның ортақ нарығын қалыптастыру мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне жасалған шарттар аясында өзара электр энергиясы саудасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электр энергиясын нақты жеткізудің жоспарлы мәндерден сағаттық ауытқуларын реттеу үшін тетік құру көзделеді, бұл келісілген кестелерді сақтау үшін жауапкершілікті арттырады. Электр энергиясы нарығын құрудың әсері өндіруші және беруші қуаттарды пайдалану тиімділігін арттырудан, электр энергиясының өзара және сыртқы саудасы көлемінің өсуінен көрінеді. Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдар арасында бәсекелестік артады деп болжануда», деді Б. Ақшолақов.
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Бүгін, 22:57
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Бүгін, 22:56
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Бүгін, 22:55
Кино • Бүгін, 22:45
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Бүгін, 22:44
Өнер • Бүгін, 22:42
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 22:40
Қоғам • Бүгін, 22:38
Аймақтар • Бүгін, 22:37
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 22:15
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:51
Қазақстан Иранмен көлік-логистиканы дамытуда келіссөз жүргізіп жатыр
Үкімет • Бүгін, 21:35
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Бүгін, 21:12
Елордалықтар «Президенттік хабарландыру» пилоттық жобасына қосылды
Елорда • Бүгін, 20:47
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:22
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Бүгін, 20:06
Қазақстан мен Түркия педиатрия саласында бірлескен жобаны іске қосады
Медицина • Бүгін, 19:43
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 19:28
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Бүгін, 19:10
«7-20-25» және «Нұрлы жерді» жаңа бағдарлама алмастырады
Қоғам • Бүгін, 18:45
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Бүгін, 18:28
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:10
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:52
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Бүгін, 17:40
Қазақстанда маймылшешек ауруы тіркелген жоқ
Медицина • Бүгін, 17:32
Нью-Йорк метросында атыс болды
Әлем • Бүгін, 17:20
5 адамды өлтірген алматылық атқыш жазасын Қостанай облысында өтейді
Оқиға • Бүгін, 17:17
Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 17:00
Қазақстан құрамасы әлем кубогінде 4 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:53
Польша Ресеймен газ жеткізу туралы келісімді бұзады
Әлем • Бүгін, 16:43
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:34
«Болашақ» бағдарламасының техникалық мамандықтарға грант саны өсті
Білім • Бүгін, 16:30
Филиппинде паром өртеніп, 7 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 16:17
Биыл 92 бала көлік астына түскен
Қоғам • Бүгін, 16:08
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Бүгін, 15:55
Қарағанды облысында 5 адам бруцеллез жұқтырды
Аймақтар • Бүгін, 15:42
Елордада күй жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Елорда • Бүгін, 15:31
Украинаның Жоғарғы Радасы әскери жағдайды ұзартты
Әлем • Бүгін, 15:24
Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын айтты
Қазақстан • Бүгін, 15:15
Ұқсас жаңалықтар